Сурет sport-express.ru сайтынан
Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күні конькимен жүгіруші жігіттер арасындағы 500 метрлік бәйгеде жерлесіміз Роман Креч 7-орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 500 метрлік қысқа қашықтықтағы бәйгеде екі мүмкіндік беріледі. Нақтырақ айтқанда, конькимен жүгіруші жүйріктер осы қашықтықта екі рет жарысып, сол екеуінің қосындысы бойынша чемпион мен жүлдегер анықталады. Роман біріншісінде 9-орынға ие болды. Уақыты – 35.04 секунд. Бірінші орын алған голланд дүлдүлі Ян Смеекенстен 0.45 секунд қалып қойды. Екінші рет жүгіргенінде дәл осы қашықтықты тура 35,0 секундта жүйткіп өтті. Әрі алтыншы нәтиже көрсетті. Бірақ бұл жолы үздік нәтиже көрсеткен Голландияның егіз жүйріктерінің бірінен 0,51 секунд кем түсті. Екеуін қосқанда қорытынды көрсеткіші 35,048 + 35,0 = 70,048 секунд болды. Өкініштісі, 6-орын алған жапон жүйрігі К.Нагасимадан 0,008 секунд бөлігі ғана кейін орналасты... Роман екінші рет бәйгеге түскенінде алғашқы 100 мертді 9,54 секундта зулап өтті. Алғашқы 100 метрді одан тек Ян Смеекенс қана тез жүйткіп өтті (9,53 сек). Бұл Романның бастапқы қарқынының өте жоғары екендігін білдіреді. Тек бұрылыстарда аздап уақыт жоғалтады. Мысалы, екінші рет жүгіргенінде, соңғы бұрылыста өз жолағынан шығып кетіп, өзімен бірге жүгірген Ресей конькишісінің жолағына түсіп кетті. Абырой болғанда құлаған да жоқ, бәсекелесіне кедергі болған да жоқ. Ал бұл бәйгеде жүлделі орындарды Голландия дүлдүлдері жаулап алды. Егіз Мюлдерлер екінші бәйгеде қамшыны басып, Михелі тіпті Ян Смеекенстен де асып түсіп, алтынмен апталды. Янға бұйырғаны күміс болды. Ал Рональд Мюлдер қола жүлдеге қол жеткізді. Дәл осы қашықтық бойынша Халықаралық конькишілер федерациясының (ISU) рейтінгінде 37-орында тұрған Роман Креч үшін Олимпиада ойындарында 7-орынға ие болу - сөз жоқ, үлкен жетістік. Ол биыл жазда 25-ке толады. Ендеше, Олимппиада ойындарына әлі бір рет қатысуға болады...
Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күні конькимен жүгіруші жігіттер арасындағы 500 метрлік бәйгеде жерлесіміз Роман Креч 7-орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
500 метрлік қысқа қашықтықтағы бәйгеде екі мүмкіндік беріледі. Нақтырақ айтқанда, конькимен жүгіруші жүйріктер осы қашықтықта екі рет жарысып, сол екеуінің қосындысы бойынша чемпион мен жүлдегер анықталады.
Роман біріншісінде 9-орынға ие болды. Уақыты – 35.04 секунд. Бірінші орын алған голланд дүлдүлі Ян Смеекенстен 0.45 секунд қалып қойды. Екінші рет жүгіргенінде дәл осы қашықтықты тура 35,0 секундта жүйткіп өтті. Әрі алтыншы нәтиже көрсетті. Бірақ бұл жолы үздік нәтиже көрсеткен Голландияның егіз жүйріктерінің бірінен 0,51 секунд кем түсті.
Екеуін қосқанда қорытынды көрсеткіші 35,048 + 35,0 = 70,048 секунд болды. Өкініштісі, 6-орын алған жапон жүйрігі К.Нагасимадан 0,008 секунд бөлігі ғана кейін орналасты...
Роман екінші рет бәйгеге түскенінде алғашқы 100 мертді 9,54 секундта зулап өтті. Алғашқы 100 метрді одан тек Ян Смеекенс қана тез жүйткіп өтті (9,53 сек). Бұл Романның бастапқы қарқынының өте жоғары екендігін білдіреді. Тек бұрылыстарда аздап уақыт жоғалтады. Мысалы, екінші рет жүгіргенінде, соңғы бұрылыста өз жолағынан шығып кетіп, өзімен бірге жүгірген Ресей конькишісінің жолағына түсіп кетті. Абырой болғанда құлаған да жоқ, бәсекелесіне кедергі болған да жоқ.
Ал бұл бәйгеде жүлделі орындарды Голландия дүлдүлдері жаулап алды. Егіз Мюлдерлер екінші бәйгеде қамшыны басып, Михелі тіпті Ян Смеекенстен де асып түсіп, алтынмен апталды. Янға бұйырғаны күміс болды. Ал Рональд Мюлдер қола жүлдеге қол жеткізді.
Дәл осы қашықтық бойынша Халықаралық конькишілер федерациясының (ISU) рейтінгінде 37-орында тұрған Роман Креч үшін Олимпиада ойындарында 7-орынға ие болу - сөз жоқ, үлкен жетістік. Ол биыл жазда 25-ке толады. Ендеше, Олимппиада ойындарына әлі бір рет қатысуға болады...