21 наурыз 2014 19:02

Роман Креч уәде етілген пәтерге қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Креч екі бөлмелі пәтерге ие болды. Фото tengrinews.kz Роман Креч екі бөлмелі пәтерге ие болды. Фото tengrinews.kz

Қазақстандық конькиші әрі Сочи Олимпиадасына қатысушы Роман Кречке екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Менің спорттағы жетістіктерімді осылайша бағалап жатқан Солтүстік Қазақстан облысының спорт басқармасына, сонымен қатар әкімшілікке үлкен алғысымды білдіремін. Мен кез келген дәрежедегі жарыстарда туған облысымды және республикамды таныту үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Ел халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын және барлығына мықты денсаулық, өмірлеріне бақыт пен сәттілік тілеймін" - деді Роман Креч. Пәтер кілтін Солтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин табыс еткенін атай кетелік. Азия ойындарының чемпионы Аслан Тоғбаев, жасөспірімдер Олимпиадасы ойындарының қола жүлдегерінің жаттықтырушысы Қонысбек Түкенов, сондай-ақ спортшы Маргарита Мұқашева мен жеңіл атлетші Ирина мен Евгений Эктовтар енді Романның көршісі болмақ. Алдында Роман Креч Сочи Олимпиадасында жүргенде үйсіз қалғандығы мәлімделген. Оның баспанасы бұзылатын үйлер қатарына еніп кеткен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети