Роналду Instagram желісіндегі ең танымал пайдаланушы болып атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналду Instagram желісіндегі ең танымал пайдаланушы болып атанды REUTERS/Jennifer Lorenzini©

"Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінде ең танымал пайдаланушысы болып атанды, оның парақшасын 144,3 миллионнан астам адам оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінде ең танымал пайдаланушысы болып атанды, оның парақшасын 144,3 миллионнан астам адам оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Осыған дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал америкалық әнші Селена Гомес болған еді.  

29 қазанда танымал әнші Селена Гоместің оқырмандарының саны 144,33 мың адамға жетті. Ал Роналдудың рекордтық саны 144,36 мыңнан асқан. Айта кетейік, Роналду спортшылар арасында бірінші орында тұрса, барлық атақты жұлдыздың ішінде Instagram желісіндегі бір жарнама жарияланым үшін футболшы ақшалай сыйақы бойынша үшінші орында. 2017 жылдың басында Роналду Instagram желісінде 100 миллион оқырман жинай алған алғашқы ер адам деп танылған еді. 

Айта кетейік, Роналду 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" "Реалға" көшті. Трансфер сомасы 93,4 миллион еуро болды. Өткен маусымында шабуылшы "Реал" сапында түрлі турнирде 44 матч өткізіп, 44 гол салып, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған.

Еске салайық, биылғы шілдеде Роналду туриндік "Ювентуспен" 2022 жылға дейін келісімшартқа отырған. Келісім сомасы 112 миллион еуроға жетті, оның 100 миллионы "Реалға", ал қалғаны португалиялықтың бұрынғы клубтарына тиесілі. Роналдудың Туриндегі жалақысы, БАҚ мәліметінше, жылына 30 миллион еуро. Журналистердің есептеуінше, португалиялық футболшы секундына бір еуро табыс табады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети