01 ақпан 2017 | 16:09

Ронда Роузи октагонға қайтып оралмайтын шығар - UFC президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© GQ © GQ

UFC президенті Дана Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы Ронда Роузи енді жекпе-жекке шықпайды деп пайымдады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Иконка комментария блок соц сети

UFC президенті Дана Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы Ронда Роузи енді жекпе-жекке шықпайды деп пайымдады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Рондамен кезігіп жатсам, оған октагонға қайтып келуге кеңес беретін едім. Ол спорттан кетті деп ойлаймын. Ронда жаңа өмір бастағысы келеді. Сайысқанды ұнататын және жеңістер тізімі ол үшін өте маңызды еді. Ал жеңілістен кейін "Мен не істеп жүрмін? Өмірімнің бар мәні осы ғана ма?" деген ойға келіп, басқа дүниелермен айналысқы келгенін айтып жүр", - дейді Уайт.

Ұйым жетекшісінің пікірінше, Роузи әйелдерге ММА ұйымына жол ашты. "Ол басқа істермен айналысып жүр деп ойлаймын, оның жиған қаржысы мол. Ол ақшаға зәру болмайды. Егер ақшаны Флойд Мейвезер сияқты шашпаса. Ол үшін бақыттымын. Ронда әлемді өзгертті. Ол әйелдерге ММА-ға жол ашты. ММА тарихындағы ең үлкен жекпе-жекке қатысты. Бұл рекордтар тағы да орындалады деген үміттемін", - деп аяқтады ол сөзін.

Еске салайық, 31 желтоқсанда UFC 207 турнирінде қазіргі чемпион бразилиялық Аманде Нуньес Роузиді 48 секундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл 29 жастағы америкалық спортшының екінші жеңілісі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети