Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Ронда Роузи қазіргі чемпион бразилиялық Аманда Нуньестен жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Ронда Роузи қазіргі чемпион бразилиялық Аманда Нуньестен жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мені атақ-даңқым асқақтап тұрған сәтте ғана емес, ауыр жеңіліс кезінде де қолдауға келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз мен үшін қаншалықты маңызды екенін сөзбен жеткізу қиын", - деп келтіреді спортшының сөзін ESPN.com. Менің бір жылғы мақсатым жекпе-жектер үшін ғана емес, жеңіс үшін оралу еді. Бірақ, өкінішке қарай, ауыр еңбек пен қайтпас құлшынысқа қарамастан жоспарларымыз іске аспай жатады. Мен UFC-дің әйелдер дивизионы айтарлықтай алға жылжып және осыған ықпал еткен әйелдерді көргенде мақтаныш сезіміне бөленемін, соның ішінде Аманда Нуньес үшін де. Болашағым туралы ойлану үшін маған уақыт керек. Маған деген сенімдеріңіз бен мені түсінгендеріңізге рахмет".
Еске салайық, бұл жекпе-жек 31 желтоқсанда өткен Лас Вегастағы UFC 207 турнирінің басты оқиғасы болды. Кездесу бірінші раундтың 48 секундында Нуньестің жеңісімен аяқталды. Нуньес 18 жекпе-жекте 14 жеңісіне жетіп отыр.
29 жастағы Роузи үшін 2015 жылы Холли Холмнан ұтылғаннан кейін бұл бірінші жекпе-жек болды. Осылайша, Роузи 12 жеңісінен кейін екі рет қатар жеңіліп тұр.
Lenta.ru тілшісі Ринат Салахетдиновтың жазуынша, жанкүйерлер енді Ронда Роузидің оралуын көрмейтін шығар деген ой түйді. Роузи былтыр Холли Холмнан жеңіліс тапқаннан кейін депрессияға түсіп, телешоулардың бірінде өзіне қол салғысы келгенін де мойындаған екен. Осы жолғы жекпе-жекте де Роузидің сол жеңілістен есін жимағаны байқалды. Тағы бір сұхбатында ол жігітімен көзден таса жерде, тыныш өмір кешкенді қалайтынын айтқан. Роузиге енді ештеме дәлелдеп керек емес, ол өмірдегі ең үлкен жеңістеріне жеткен. Ал UFC-ге Аманда Нуньес сияқты жаңа толқындардың келуі толастамайтыны сөзсіз.