Рүстем Сыбай Универсиаданың күміс жүлдесін иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рүстем Сыбай Универсиаданың күміс жүлдесін иеленді © Baistars.kz

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай 2017 жылғы универсиаданың күміс жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай 2017 жылғы универсиаданың күміс жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Серпе көтеруде ол 170 келіні басынан асыра алды. Бұл оның ең жақсы көрсеткіші болды. Кейін қазақстандық атлет 175 келіге тапсырыс бергенімен, оған күші жетпеді.

Алғашқы қоссайыс қорытындысы бойынша Рио Олимпиадасының жүлдегері литвалық Ауримас Дидзбалис алда болды (175 келі). Ал біздің спортшы Латвияның тағы бір өкілі - Зыгимантас Станулиспен тең көрсеткіште болды - 170 келі.

Атлеттер арасында негізгі тартыс жұлқа көтеру сайысында болды. Сыбай бұл сайыста 212 келі көтеріп, бірінші орынға шықты. Дидзбалис 2014 келіге тапсырыс бергенімен екі рет те бұл салмақты көтере алмады да, 205 келіге ғана шамасы келді.

Енді Сыбай алтын үшін Универсиада рекордын орнатқан (2015 келі) ресейлік Егор Климовпен тартысты. Рүстем де осы салмаққа тапсырыс бергенімен, екі рет те бұл салмақты көтере алмады. Қорытындысында жерлесіміз екінші орынға орналасты.

Еске салайық, қазіргі кезде Қазақстан командасының еншісінде үш алтын медаль бар. Бірінші орын иеленген спортшыларымыз - Альберт Линдер, Айдар Қазов және Денис Уланов.

Рүстем Сырбайдан өзге күміс жүлдеге ауыр атлет Карина Горичева және жүзуден Дмитрий Баландин қол жеткізді. Ал Галбадрах Отгонцэцэг, Рүстам Ибраев және Бекәділ Шаймерденов сияқты дзюдошыларымыз бен ауыр атлетшіміз Арли Чонтея қола жүлде алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети