Рыбакина қатарынан 11-рет жеңіске жетіп, ширек финалға өтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рыбакина қатарынан 11-рет жеңіске жетіп, ширек финалға өтті Фото: twitter/WTA

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengri Sport Sportlinet сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengri Sport Sportlinet сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті. Айта кетейік, бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 11-жеңісі.

Енді ол турнирдің келесі кезеңінде дүниежүзінің 25-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсеткенін хабарлаған едік. Ол 2022 жылғы "Уимблдон" турниріндегі жеңісінен кейін сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген. Елена Рыбакина сол уәдесінде тұрып, қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 миллион теңгеден сыйлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети