26 қазан 2019 13:00

Рыпакова Қытайдағы әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алды

Камила Долаева Журналист
Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қытайдағы VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда үш рет секіруден алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҚМ ӘОСК командасы үшін өнер көрсететін майор Ольга Рыпакова екінші талпыныста 14,19 метрге секіріп, Қазақстан құрамасының қоржынын алтын медальмен толықтырды.

Реклама
Реклама

Бұл спорт түрі бойынша күміс медаль 13,78 метрге секірген италиялық спортшы Оттавия Честонароға бұйырды. Үшінші орынды Доминикан Республикасынан келген Анна Хосе Тиме алды. Оның нәтижесі - 13,54 метр.

Жеті жарыс күнінің қорытындысы бойынша, ең көп жүлде алған ойын иелері Қытай көш бастап тұр. Қазақстан қоржынында екі алтын, бір күміс және бес қола медаль бар.

Дүниежүзілік әскери ойындар - әскери спортшы қызметшілер үшін Дүниежүзілік әскери спорт кеңесінің (CISM) аясында ұйымдастырылатын жарыс. Олар төрт жылда бір рет өтеді. Бірінші жарыс 1995 жылы Римде болған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram