Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың сыртқы келбеті жайлы енді америкалық БАҚ талқылай бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың сыртқы келбеті жайлы енді америкалық БАҚ талқылай бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Huff Post басылымының пікірінше, 17 жастағы спортшы волейбол ойыны үшін тым әдемі. "Спорт Азияда интернет-сенсацияға айналған қызға кедергі келтіретін сияқты. Қыздың танымалдығы спортта табысқа жетуге кедергі келтіреді - волейболдан 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында көрермен тек қана Алтынбековаға қарап отырды, алаңда ойын болмаған сияқты", - деп жазады басылым.
Мына жерден толығырақ оқуға болады.
Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекованың көркін ең алдымен қытай жанкүйерлері байқаған еді. Тайпейде өткен волейболдан Азия чемпионаты кезінде спортшы журналистер мен интернет-қолданушылардың назарын өзіне аударды. Фанаттар қызға сыйлық жолдай бастады. Оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының қатары ә дегеннен 200 мыңнан асты.
Сабина Алтынбекова мұндай танымалдыққа өзінің де таңданып жүргенін айтты. Қыздың айтуынша, оның мақсаты - Қазақстанды халықаралық ареналарда танытып, өз құрамасына пайда әкелу. Волейболдан жастар құрамасының бапкері Нұрлан Садықов Алтынбековаға әлем жұртшылығының назары ауғанын жақтырмай отыр, оның айтуынша, мұндай жайт ұжымдағы өзге қыздарға кері әсер етеді.