28 желтоқсан 2014 11:51

Сабина Алтынбекова Гонконг волейбол құрамасымен тәжірибе алмасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. ©Айбек Сұлтанғазиев Сабина Алтынбекова. ©Айбек Сұлтанғазиев

Қазақстанның танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова Гонконгқа аттанды, ол жақта жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Қазақстанның танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова Гонконгқа аттанды, ол жақта жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Бұған қоса, Гонконгте 18 жастағы спортшы жергілікті танымал жұлдыздармен және өзінің табынушыларымен кездеседі. "Гонконгқа баруды жоспарлап отырмын. Сапарымның мақсаты - ойыншылармен тәжірибе алмасу. Мен волейболшылармен кездесемін, командамызбен жалпы жаттығу болады. Танымал адамдармен және, әрине, менің сүйікті ісім - фанаттармен кездесу болады", - деді Сабина Алтынбекова. Волейболшы Жаңа жылды тұңғыш рет Ақтөбеде емес, шетелде қарсы алғалы отыр.

Алтынбекова 2015 жылы спортқа көп уақыт арнағалы отыр, оқуға да біраз уақыт бөлетін болады. "Мен үшің ең маңыздысы - спорт, спортпен шұғылдануды жалғастырамын. Менің мақсаттарым спортқа, білім алуға және отбасыма қатысты. Мен Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің бірінші курсында оқимын", - деді жас спортшы. Университетті тәмамдаған соң Сабина Алтынбекова "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша магистрлік дәреже алуды жоспарлайды.

 

Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекова волейболдан Азия чемпионаты кезінде көзге түсіп, танымал атанған еді. Жас спортшы қыз Қытайдың әлеуметтік желілерінде жұлдызға айналды. Жанкүйерлер оны жапон анимесі кейіпкерлеріне теңеді. Волейболшы фанаттарынан күн сайын көп сыйлық ала бастады, оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының қатары 350 мыңнан асты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети