Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың жарнама келісімшарттарын жапонның Dentsu деген коммуникациялық холдингі сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігіде холдинг Сабина Алтынбекованың барлық жарнамасы мен сәйкес келісімшарттарын жасасуға қатысады. Бір жылдық келісімшарт 2015 жылдың 1 қарашасынан күшіне енеді. Келісім әлем бойынша жүзеге асырылады.
Еске салайық, 2015 жылдың тамызында Сабина Алтынбекова жапонның GSS Sunbeams деген командасына ауысқан болатын.