Сабина Алтынбекова - Вьетнамда тоғыз елдің қатысуымен болатын форумның құрметті қонағы, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның анасы Нұрипа Алтынбекова мәлімдеді. Бұған дейін ол Нячанг курортына отбасымен бірге демалу үшін кеткені хабарланған болатын. Кейбір БАҚ-тар Вьетнам компаниясымен келісімшартқа отырып, тіпті шаралардың бірінде салтанатты шеруге қатысады деп те жазды.
Сабина Алтынбекова - Вьетнамда тоғыз елдің қатысуымен болатын форумның құрметті қонағы, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның анасы Нұрипа Алтынбекова мәлімдеді. Бұған дейін ол Нячанг курортына отбасымен бірге демалу үшін кеткені хабарланған болатын. Кейбір БАҚ-тар Вьетнам компаниясымен келісімшартқа отырып, тіпті шаралардың бірінде салтанатты шеруге қатысады деп те жазды.
Бірақ анасының айтуынша, Сабина Алтынбекова салтанатты шеруге қатыспайды. "Форумның салтанатты шеруіне қатысу - қате ақпарат. Сабина форумның құрметті қонағы ретінде қатысады. Ол отбасымен бірге Вьетнамға Fashion House International Vietnam компаниясының шақыруымен барды", - дейді Нұрипа Алтынбекова. - Форум әлемдік қоғамдастықта мәртебелі орын алатын ел ретінде Қазақстанды әйгілендіру мақсатында жыл сайын түрлі елде болып тұрады".
Оның айтуынша, осы жылы форумды Вьетнам үкіметі қабылдап отыр, олардың басты мақсаты - туристік кластерді дамыту және дарынды балалар мен жастардың шығармашылығына қолдау білдіру. Волейболшы Сабина Алтынбекованың форумға қатысуын ұйымдастырушылар Вьетнамдағы форумға қатысып жатқан адамдарға Қазақстан толығырақ таныстыруға мүмкіндік береді.
Мұнымен бірге, спортшы қыздың анасы Сабина Алтынбекованың өз жаттығуларына қалмай барып жүргенін айтты. Оның айтуынша, Вьетнам үкіметі волейболшыға жаттығу үшін арнайы зал ұсынған.
Айта кетейік, Vesti.kz волейболшы Сабина Алтынбекованың Нячангта демалып жатқанын хабарлаған еді. Курортты қалашықтан сурет пен қысқа видеожазбаны спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Vesti.kz тілшісінің жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып хабарлауы бойынша, Алтынбекованың Вьетнамға келу мақсаты - жергілікті белгілі әншімен жарнама келісімшартын жасасу.
Сабина Алтынбекова - Қытайда өзінің мультфильм кейіпкеріне ұқсас келбетімен танымал болған қазақстандық волейболшы. Сабина 17 жаста, ол волейболдан Қазақстанның жастар құрамасында ойнайды. Ол өзінің бойымен (182 см) және келбетімен Қытай жанкүйерлерінің жүрегін жаулады. Сұлу волейболшы туралы әлемнің ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Бүгінде оның Instagram-дағы аккаунтына 300 мыңнан астам оқырман тіркелген. Алтынбековаға модель бизнесінен, брендтерден ұсыныстар жиі түсіп тұрады, бірақ ол актриса не модель болудан бас тартып, білім алу мен жаттығуға ден қоятынын айтты. Ол "EXPO-2017 аруы" байқауын жариялауды ұсынды, оған кез келген қыз бала қатыса алады, ал қазылар алқасы олардың арасынан финалға 25 аруды іріктейді. Жеңімпазға халықаралық көрме кезінде Қазақстанды әлемге таныту құқығы беріледі.