Сабина Алтынбекова Ұлттық комиссияның мүшесі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова Ұлттық комиссияның мүшесі болды Сабина Алтынбекова. © Tengrinews.kz

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды, - деп жазады "Казахстанская правда" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды, - деп жазады "Казахстанская правда" басылымы.

Айта кетейік, Ұлттық комиссия 1998 жылы әйелдердің, балалар мен отбасылардың жағдайын жақсартуға қатысты тиімді шараларды қолға алу жөніндегі консультациялық-кеңестік орган ретінде құрылған, сонымен қатар, ол отбасы мүддесін қорғау, еліміздің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық саласына қатысушы әйелдерді қажетті жағдаймен қамтамасыз етумен айналысады.

"Бұл үшін өте қуаныштымын, себебі мен патриотпын. Еліме пайда әкелгім келеді", - деді ол.

Сонымен қатар, Сабина Алтынбекова басылымға берген сұхбатында 6 наурыз күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінен алған әсерімен бөлісті. "Жаттығу кезінде Президент аппаратынан қоңырау келіп түскенде, қалжың екен деп ойладым. Басында қатты толқыдым, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы адамды бірден бауырына тартады. (...) Ол спортты тастамауға, ұлы мақсаттарға ұмтылуға, жарамсақтық сөздерге барынша назар аудармауға кеңес берді, әсіресе ол ер адамдар тарапынан айтылса", - деді Алтынбекова.

Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Азия жастар арасындағы чемпионатта оның сұлулығына жанкүйерлер мен журналистер назар аударып, бұдан кейін қазақстандық жас спортшы атақты бола кетті. Оған көптеген ұсыныстар түсті, тіпті белгілі брендтердің тұлғасы болу туралы ұсыныстар болды. Бірақ волейболшы өзін тек волейболға арнап, оқуын жалғастыратынын айтты. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети