Сабина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған Сурет Vesti.kz сайтынан алынды

Қазақстанның волейболшы қызы Сәбина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның волейболшы қызы Сәбина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстандық 17 жасар спортшы қыз соңғы екі аптада ғаламтордың жұлдызына айналды. Оның мұндай танымал болуына жастар арасындағы Азия чемпионатында ұлттық құраманың сапында өнер көрсетуі себеп болған. Ол үшін волейбол турнирінің ең сұлу спортшысы атануының өзі үлкен сый болып отыр.  

Естеріңізге саламыз, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың фан-клубы ең алғаш Қазақстанда, Ақкөлде (Ақмола облысы) пайда болды.Мұндай фан-клубтар Қытайда, Тайваньда, Оңтүстік Кореяда, Тайландта ашылған болатын. Сабина өзінің қуыршаққа ұқсайтын бет-бейнесінің арқасында танымалдығы күннен күнге арта түсуде. Әлеуметтік желілерде волейболшы қызға арналған түрлі аккаунттар ашылып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети