Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың анасы Нұрипа Алтынбекова Vesti.kz басылымына берген сұхбатында қызының жапон клубына ауысуы туралы пікірін айтты.
Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың анасы Нұрипа Алтынбекова Vesti.kz басылымына берген сұхбатында қызының жапон клубына ауысуы туралы пікірін айтты.
Сабинаның анасының айтуынша, келісімшартқа әзірше қол қойылған жоқ және ол қарастыру кезеңінде. "Қазақстан волейбол федерациясы біліктілігін арттыру үшін Жапонияға (GSS Sunbeams клубына - Авт.) жіберіп отыр. Айтпақшы, ол Жапонияға кетсе де Қазақстан құрамасының сапында ойнайды. Алайда ол Жапонияда жаттығады", - деді анасы.
Ал тілшінің Сабинаның жапон клубына ауысуына не себеп болғаны жайлы сұрағына волейболшының анасы мұнда қаржы мәселесі болмағанын нақтылап айтты. "Басты себебі - жапон клубында біліктілігін арттыру, шеберлігін шыңдау. Бірақ әзірше бұл туралы айтуға ерте, себебі келісімшартқа қол қойылған жоқ. Бұл мәселені таяу уақытта шешеміз деп үміттенемін", - деді ол.
Сонымен қатар, Нұрипа Алтынбекова Сабинаның Жапонияда өткізетін жаттығулары жайлы айтып берді. "Ол жақта жаттығулар қиын. Күніне сегіз сағаттан жаттығады. Бірақ одан Сабина қорқып отырған жоқ. Ол бірінші кезекте сұлулығын емес, волейболшы екенін дәлелдегісі келеді. Бұл оның таңдауы, оны біз, жанұясы және Волейбол федерацтясы қолдайды", - деді ол. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстандағы ең танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың жапониялық GSS Sunbeams клубына ауысатыны белгілі болған еді. Клуб жергілікті чемпионаттың екінші дивизионында өнер көрсетіп жатыр.