Садақ атудан Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындықты бастады. 28 мамырдан бастап ұлттық құрама мүшелері Талғар қаласындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда мүшелері 6-17 маусым аралығында Нидерландының Хертогенбос қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ.
Ұлттық құрама бас бапкері лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын мергендер тізімін жария етті.
Классикалық түрде садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев;
Классикалық түрде садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Гауһар Игібаева, Қаракөз Асқарова;
Компаунд, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич;
Компаунд, әйелдер: Диана Макарчук, Адель Жексенбинова, Мария Өмірзақова.