Шахматшы Бибісара Асаубаева Дубайдағы турнирде жеңіп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахматшы Бибісара Асаубаева Дубайдағы турнирде жеңіп шықты ©kazchess.kz

10 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Дубайда өткен жастар арасындағы турнирде жеңіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Дубайда өткен жастар арасындағы турнирде жеңіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Дубайда өткен 13th Dubai Juniors Chess Championship 2014 турниріне 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан. Жалпы турнирге БАӘ, Әзірбайжан, Үндістан, Алжир, Бруней, Мысыр, Шри-Ланка, Иран, АҚШ, Либерия және Сириядан 130 қатысушы тіркелді. Турнир барысында Бибісара мүмкін болған он ұпайдың сегізін жинап, жалпы есепте бірінші орын алды. Екінші орын Үндістан, ал үшінші орын Әзірбайжан спортшысына бұйырды. 

Айта кетейік, 2014 жылдың шілде айында Бибісара Асаубаева шахтматтан Азияның күміс медалін олжалаған болатын. 10 жастағы қазақстандық шахматшының Азия чемпионы атануына небәрі жарты ұпай жетпей қалды. Содан кейін спортшының анасы Лиана Таңжарықова спортшының мұндай нашар көрсеткішіне мемлекеттік жаттықтырушыларды айтыптады. Оның айтуына қарағанда, жас шахматшы Ташкентте өткен Азия біріншілігіне  қатыспауы керек болған. Бірақ соңғы сәтте Бибісара Асаубаеваны 12 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы спортшысын ауыстыруға өтініш жасаған. Негізі астаналық шахматшы өз қатарластарымен ойнауы керек еді. Бірақ шахматтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрлан Ыбыраев оны 10 жастағы спортшылардың қатарына қоспаған.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети