19 ақпан 2014 | 22:09

Саютин мен Бабенконың басы бір қазанға сыймай жүр ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Бабенко. Фото: Жігер Әбенов Дмитрий Бабенко. Фото: Жігер Әбенов

Конькимен жүгіру спортынан алыс қашықтықтарға жүгіретін Дмитрий Бабенко біраздан бері Қазақстан ұлттық құрамасынан бөлек жаттығып жүр. Осының сырын білу үшін екі тарапты да тілге тартқан едік. Дмитрий Бабенко қазір көпшілікке танымал америкалық маман Петер Мюллердің қол астында жаттығады. Ол бұрын Норвегия ұлттық құрамасының бас бапкері болған. Қазір бұл бапкердің қол астында көптеген елдердің конькишілері шеберліктерін ұштап жүр. Солардың арасында біздің Дмитрий Бабенко да бар. Енді спортшы мен бас бапкерді тыңдап көрейік. Дмитрий Бабенко, алыс қашықтықтарға жүгіруші конькишіміз (стайер): – Вадим Саютин қысқа қашықтықтарға жүгіретін конькишілерді баптайтын – жаттықтырушы. Яғни спринтік бәйгелердің маманы. Ал мен – алыс қашықтыққа жарысатын спортшымын. Өзіңіз ойлаңызшы, жақын қашықтықтың маманы қалай стайерді дайындайды. Оның жаттығу жұмыстарының бәрі спринттік бәйгелерге бағытталған. Мен соның кесірінен Ванкувер Олимпиадасының 10 000 метрлік бәйгесіне екшеліп шыға алмадым. 5 000 метрлік бәйгенің өзіне тек соңғы сәтте іліктім. Содан соң алыс қашықтықтардың маманының қол астында жаттығуды дұрыс деп санадым. Осы ретте Ұлттық штаттағы командалар дирекциясының басшысына айтар алғысым шексіз. Жағдайымды түсінген адамдардың арқасында өзім толықтай сенім артатын маманның қол астында жаттығып жүрмін. Соның арқасында үш лицензияға қол жеткізіп, Сочи Олимпиадасында 1500, 5000 және 10000 метрлік бәйгелерде бақ сынадым. Әрине, жүлдеге іліге алмағаныма өкінемін. Бірақ мен берілмеймін. Тырысамын, күресемін әлі. Не Олимпиада ойындарында, не әлем чемпионатында жеңіс тұғырына шықпай, конькиімді шешпеймін. Вадим Саютин, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: – Мен де алыс қашықтыққа жарысқан конькишімін. Өзім де стайермін. Сондықтан маған стайерді дайындау таңсық емес. Енді мынаны қараңыз, Бабенко менің қарамағымда жаттығып жүрген кезінде, әлем чемпионатына қатысып, 6-орын алған (2011 жылы, 10000 метрлік қашықтықта). Ал қазір осы көрсеткішінен асып түспек түгілі, маңайлай да алар емес. Сондықтан «стайер дайындай алмайды» деген пікірімен келіспеймін. Жалпы, Қазақстан конькишілері арасында бәсекелестік жоққа тән. Сондықтан өз қашықтықтарында үздік конькишілер өздерін ешкім алмастыра алмайтындай сезінеді. Орнымызды басар ешкім жоқ деп шалқақтайды. Дандайсымаса да, өз талаптарын көлденең тартып, «еркелейді». Сондықтан конькимен жүгіру спортын бұқаралық сипатта дамытуды қолға алу керек. Қазір Қазақстанда жаттығу жұмыстарын жүргізуге болатын екі ғана мұзайдын бар. Бірі – Астанадағы "Алау", екіншісі – Алматыдағы "Медеу". Бірақ аталған екі қалада да Қазақстанның конькимен жүгіру спорты орталығы емес. Қазақстан конькишілері – негізінен Қостанайдан, Петропавлдан, Қарағандыдан. Сол себепті тым болмаса облыс орталықтарына арзан, қолжетімді мұзайдындар салу керек. Төбесі жай ғана темірмен жабылған, қымбат емес материалдармен қоршалған болса да, жетеді. Оны айнала конькишілер жүгірсе, ортасында шорттрекшілер, мәнерлеп сырғанаушылар, хоккейшілер жаттығуы керек. Тіпті жеңіл атлеттердің де дайындала беруіне болады. Сонда мұндай мұзайдындарда бірнеше спорт түрін дамытуға болады. Күндіз спортшылар жаттықса, кешкісін қарапайым халық коньки теуіп, дем алады. Екі жақты тиімді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети