"Селтик" - "Астана" қарымта кездесуін қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Селтик" - "Астана" қарымта кездесуін қайдан көруге болады? © footboom.kz

Бүгін тамыздың 3-нен 4-не қараған түні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" шотландиялық "Селтик" командасымен қарымта ойын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін тамыздың 3-нен 4-не қараған түні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" шотландиялық "Селтик" командасымен қарымта ойын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі команданың кездесуі Глазго қаласының "Селтик Парк" стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 00.45-те басталады.

"Селтик" - "Астана" ойынын KazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Онлайн-трансляция арнаның ресми сайтында да жүргізіледі. 

Осыған дейін "Астана" клубының алдын ала кімдер өнер көрсететіндігі жарияланған. Глазгодағы ойында денсаулығының нашарлауына байланысты Неманья Максимович пен астаналықтардың капитаны Таңат Нөсербаев қатыспайды. Капитан жарақат алған болатын.

Еске салайық, 27 шілдеде "Астана Аренада" өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Ойынның басы белсенді болды. Екі команда да бар күшін шабуылға жұмсады. Бірінші голды ойынның 19 минутында Юрий Логвиненко соққан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети