Сергей Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегін қайда және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегін қайда және қашан көруге болады?

18 шілдеде, жексенбіде АҚШ-та UFC Vegas 31 турнирі өтеді, онда жеңіл салмақтағы қазақстандық Сергей Морозов (16-5) екінші рет жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 шілдеде, жексенбіде АҚШ-та UFC Vegas 31 турнирі өтеді, онда жеңіл салмақтағы қазақстандық Сергей Морозов (16-5) екінші рет жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтың қарсыласы ливандық неміс файтер Халид Таха (13-3-0-1).

Олардың кездесуі кесте бойынша төртінші болып, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 06.30-да басталады.

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде екеуі де жеңіл салмақ шегіне жетті. Қазақстандықтың салмағы 61,235 келі, ал Таха 61,461 келі болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)

Көрсетілімді UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан көруге болады (Қазақстанда тек tvcom-нан көрсетіледі).

29 жастағы Халид Германияның Дортмунд қаласында дүниеге келген, сонда тұрады. 2012 жылдың қазанында әуесқойлар арасында дебют жасаған, ал алты айдан кейін кәсіпқойлар арасына қосылды. Таха карьерасының алғашқы кезеңінде неміс промоушендерінде өнер көрсетіп, қатарынан бәрін жеңген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khalid Taha (@khalidtahamma)

2018 жылдың жазында Таха UFC-де дебют жасады, ол ұлыбританиялық Нэд Нариманимен (12-4) жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалған. 

2019 жылдың сәуірінде ол UFC-де алғаш рет қарсыласын нокаутқа түсірді, әзірге бұл оның жалғыз жеңісі.

Ал Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2021 жылдың қаңтарында әйгілі чемпион Хабиб Нурмагомедовтың інісі, жеңілмеген ресейлік Омар Нурмагомедовке (13-0) қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети