09 наурыз 2023 | 11:09

Серік Сәпиев балуанның "оқудан шығарылуына" қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Боксшы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелімхан Мұсихановпен болған жанжалды ұмытуды сұрады, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Боксшы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелімхан Мұсихановпен болған жанжалды ұмытуды сұрады, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев пен Зелімхан Мұсихановтың арасындағы жанжалдан кейін "жас балуан спорт колледжінен, ал оның отбасы мүшелері жұмыстан шығарылды" деген ақпарат тарады. Кейін балуанның оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.

Tengri Sport редакциясы Серік Сәпиевке хабарласып, жағдайға пікір білдіруді сұрады.

Реклама
Реклама

"Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын. Халқымыз бұл жағдайды ұмытса екен деймін. Оқиға аяқталды. Спорт - эмоция, кез келген бәсекелестіктің қалыпты бөлігі. Бұл жастарға тек сәттілік тілеймін", - деді боксшы.

"Сәпиевпен төбелескен балуан оқудан шығарылған": колледж айыптауға қатысты пікір білдірді

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная