09 наурыз 2023 10:27

"Сәпиевпен төбелескен балуан оқудан шығарылған": колледж айыптауға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде Серік Сәпиев пен балуанның төбелесіне қатысты тағы бір дерек шыққан еді. Бұл туралы танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова айтты. Ол ММА балуаны Зелимхан Мұсиханов колледжден шығарылғанын мәлімдеді. Зелимхан Мұсиханов білім алған Қазақ спорт және туризм академиясы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжі өкілдерінің айтуынша, Зелимхан Мұсихановтың оқудан шығарылуына қатысты мәселе болмаған.

"Оқудан шығарылған жоқ. Ешқандай мәселе туындамады. Бізде оқиды. Ол - 3 курс студенті. Соңғы жылы. Мамандығы - дене тәрбиесі мұғалімі. Қазір іс-тәжірибесінде", - деді колледж өкілі.

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалған болатын. Балуан Зелимхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети