06 сәуір 2022 | 17:58

Шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Бибісара Асаубаева. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара осы ұйымның арнайы сертификатына ие болған.

"Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) - блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылғы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті", - делінген ресми құжатта.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная