06 сәуір 2022 17:58

Шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бибісара Асаубаева. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі Бибісара Асаубаева. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара осы ұйымның арнайы сертификатына ие болған.

"Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) - блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылғы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті", - делінген ресми құжатта.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети