Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының тоғызыншы турында ирандық қарсыластарын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы тамыз айының басында Норвегияда басталған еді.
Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының тоғызыншы турында ирандық қарсыластарын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы тамыз айының басында Норвегияда басталған еді.
Қазақстандық шахматшылар - Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Мәдина Дәулетова және Гулмира Дәулетова қарсыластарын жалпы есепте 2,5:1,5 есебімен жеңді. Бұл олимпиада барысында тоғыз кездесу өткізген Қазақстан әйелдер құрамасының алтыншы жеңісі. Қалған үш кездесудің екеуінде шахматшыларымыз жеңіліп қалса, біреуінде тең нәтижеге қол жеткізді.
Порталдың хабарлауынша, Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы 14-орынға жайғасыпты. Бірінші орында барлық кездесулерінде жеңіске жеткен Ресей құрамасы тұр. Енді келесі кезеңде қазақстандық шахматшылар Франция құрамасына қарсы ойнайды.
Ал Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан Қазақстанның ерлер құрамасы еншісінде бес жеңіс бар. Әнуар Есмағанбетов, Павел Коцур, Рустам Хуснитдинов, Петр Костенко және халықаралық деңгейдегі гроссмейстер Аслан Айтбаев сынды шахматшылардан құралған Қазақстан тоғызыншы турда Словения құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, 32-орынға көтерілді. Айта кетейік, біздің құрамамыз олимпиада барысында екі рет жеңіліп, екі рет қарсыластарымен тең ойнады. Әзірше ерлер арасында бірінші орында Қытай құрамасы келеді.