Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Тромседе аяқталған Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қорытындысы бойыншы үздік ондықтың қатарына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Тромседе аяқталған Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қорытындысы бойыншы үздік ондықтың қатарына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиаданың соңғы күнінде отандастарымыз Чехия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесу барысында Гүлісхан Нахбаев Кристина Хавликоваға жеңілсе, Динара Сәдуақасова Каролин Олсарованы, Жансая Әбдімәлік Ольга Сикорованы, ал Гүлмира Дәулетова Тереза Олсарованы жеңді.
Бұл олимпиада барысындағы Қазақстан әйелдер құрамасының сегізінші жеңісі. Осылайша қоржындарына 17 ұпай салған қыздарымыз Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының алтыншы орынына жайғасты.
Әйелдер арасындағы бірінші орынды Ресей құрамасы (20 ұпай: 10 жеңіс, 1 жеңіліс) алса, екінші орынға Қытай құрамасы (18 ұпай: 8 жеңіс, 2 тең нәтиже, 1 жеңіліс) жайғасты. Үшінші орын алған Украина құрамасының (18 ұпай: 2 жеңіс, 2 тең нәтиже, 1 жеңіліс) ұпайы қытайлықтармен бірдей. Бірақ, қосымша көрсеткіштер арқылы "аспан асты" елінің өкілдері алда тұр. Грузия және (4-орын) Армения құрамаларының (5-орын) да ұпайлары Қазақстанмен тең. Бұл жерде де қосымша көрсеткіштердің арқасында бұл құрамалар бізден жоғары тұр.
Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында ел намысын қорғаған Қазақстанның ерлер құрамасының көрсеткіші нашар. Біздің құрама олимпиада қортындысы бойынша 13 ұпай еншілеп, 42 орынға тұрақтады. Әнуар Есмағанбетов, Павел Коцур, Рустам Хуснитдинов, Петр Костенко және халықаралық деңгейдегі гроссмейстер Аслан Айтбаев сынды шахматшылардан құралған Қазақстан құрамасы соңғы турда Венесуэла құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Ерлер арасында жалпы есеп бойынша бірінші орын Қытай, екінші орын Венгрия, үшінші орын Үндістан құрамасына бұйырды.