Шахматтан әлем кубогында қазақстандық сенсация жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахматтан әлем кубогында қазақстандық сенсация жасады Фото: Қазақстан шахмат федерациясынан

Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев әлем вице-чемпионы, АҚШ гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңіп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев әлем вице-чемпионы, АҚШ гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңіп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Ол Сочиде өтіп жатқан 2021 жылғы ФИДЕ әлем кубогында жеңіске жетті.

"Бүгінгі турдағы жеңіс құраманың көшбасшысына оңай болған жоқ, себебі ол қара түсте ойнады. Алайда табанды күрес барысында стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болды және Ринат қарсыласын жеңе алды. Кешегі турда қазақстандық гроссмейстер тең ойнады, осылайша 1.5:0.5 есебімен Ринат ФИДЕ әлем кубогының келесі кезеңіне өткен еді", - деді Қазақстан шахмат федерациясындағылар.

Федерация мәліметі бойынша, 2018 жылы Каруана үміткерлер турнирінің жеңімпазы атанып, қазіргі чемпион Магнус Карлсенмен әлем чемпионы атағы үшін ойнады.

Ринаттың келесі қарсыласы бүгін АҚШ-тан келген гроссмейстер Сэм Шенкленд пен Украинадан келген Александр Арещенко арасындағы матчте тай-брейк қорытындысы бойынша анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети