1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Шакил О'Нил Коби Брайанттың өлімі туралы айтып, көзіне жас алды

Коби Брайнт және Шакил О'Нил Коби Брайнт және Шакил О'Нил

Коби Брайанттың "Лос-Анджелес Лейкерс" командасындағы бұрынғы серіктесі Шакил О'Нил TNT арнасына берген сұхбатында әйгілі баскетболшының қайтыс болғаны туралы хабарды естігенде қандай жағдайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Sportbox.

"Үйде болатынмын, ұлым Шакир мен туысым Коламбуспен жаттығу жасап жаттым. Осы кезде менің тағы бір туысым келді. Ол жылап келді. Сосын ол телефонынан жаңалықты көрсетті. Мен айғайлап жібердім, көзіме көрінбеуін өтіндім. Біз барлығын компьютер арқылы істей алатын заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бұған сенгім келмеді. Сосын барлығы қоңырау шалып, ақпарат расталды.

Мен бұрыннан осы ауырлықты сезінемін. Жасым 47-де. Екі әжемнен, әпкемнен, енді міне інімнен айырылдым. Есімдеріміз мәңгі бірге аталатын болады. 

Уақыт өте келе дұрысталады, жеңілдей түседі дейді. Бірақ маған өте ауыр тиді. Ұйықтамағаныма біраз уақыт болды, бірақ оны шеше жатармын. Отбасына - оның анасына, әкесіне, әпке-қарындастарына, басқа туыстарына, барлық қатысы бар  адамға көңіл айтамын.

Бұл тосыннан келген жаңалық мені есеңгіретіп тастады. Мен "бір жарымес барлығын ойдан шығарып алған шығар" деген ойда болдым. Сосын барып, уақыт келе сенбеу мүмкін емес болды", - деді спортшы.

Шакил соңғы уақыттарда Кобимен сирек кездескені үшін өкінетінін айтты. Олар 2016 жылы "Ютаға" қарсы ойында кездескен екен. Ол кезде О'Нил Брайантқа 50 ұпай жинауды өтінген, ал Қара Мамба болса 60 ұпай жинаған. Сұхбат кезінде Шакил жылап жіберді. 

Шакил О ' Нил мен Коби Брайант "Лейкерс" сапында 1996-2004 жылдары аралығында бірге ойнады. NBA-дің бес дүркін чемпионы Коби Брайант 26 қаңтарда Калифорнияда жеке тікұшақтың апатқа ұшырауы кезінде қаза тапты. Онымен бірге оның қызы Мария Джина және тағы жеті адам, оның ішінде ұшқыш.
Установите

Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 

NBA тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33 643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.