Шаңғышылар Қазақстан қоржынына Универсиаданың тоғызыншы алтын медалін салып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.
Шаңғышылар Қазақстан қоржынына Универсиаданың тоғызыншы алтын медалін салып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.
Құрамында Анна Шевченко мен Олжас Климин бар қазақстандық команда үздік нәтиже көрсетті - 18:23.48. Осылайша олар ел қоржынына тоғызыншы медальді салып отыр. Екінші орында Франция командасы (18:28.67), ал үшінші орынды Ресей командасы (18:29.50) алды.
Тағы бір қазақстандық жұп - Ольга Мандрик пен Сергей Малышев алтыншы болып келді - 19:11.72
Айта кетейік, Шевченко Универсиадада Қазақстанға бірінші болып медаль алып берген еді. Ол бес шақырым қашықтықта дәстүрлі жүріс жарысында жеке бақ сынап, үшінші орын алған болатын.