27 наурыз 2015 | 14:50

Шанхайдағы чемпионат қарсаңында New York Times Денис Тенге мақала арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

АҚШ-тың ең танымал газеті The New York Times қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жайлы материал жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың ең танымал газеті The New York Times қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жайлы материал жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Басылымның шолушысы Кристофер Клэри қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының жаңа жетістіктерге жетуге дайын екен және Шанхайдағы әлем чемпионатында жаңа деңгейге көтеріле алатынын айтады. Мақала авторы Денис Теннің спортқа қалай келгенін, алғашқы сәтті қадамдарын нақтылап жеткізген. Мұнымен қатар, Клэри Олимпиада чемпионы Эван Лайсачектің және Денис Теннің бапкері Фрэнк Кэролл мен хореографы Лори Никольдің пікірін алған.

"Ол өте көп еңбектенеді. Ол таңғы жетіден кешкі беске дейін мұз үстінде. Оның жасы үшін бұл сұмдық көрсеткіш, мен мүмкіндік болғанда үнемі демалыс алуын сұраймын. Бірақ Денистің мәнерлеп сырғанауға деген адалдығы соншалық, оның бар талабы, оның барлық талпынысы, мұз үстіндегі өнері - көрермен үшін, біз бен сіз үшін", - деді Денис Тен туралы Фрэнк Кэролл.

Басылымда Кэроллдың Денис Тенмен жұмыс істеуге келісім беруіне Лайсачектің үлесі болғаны жазылған. Ал хореографы Лори Никольдің айтуынша, Денис Теннің сырғанауы қайталанбас өнер әрі өте тереңдігі соншалық, кейде көзге жас келеді.  

Еске сала кетейік, Шанхайда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 23 наурызда басталған еді. 27 наурызда ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша, ал 28 наурызда еркін бағдарлама бойынша сайыс өтеді. Денис Теннің өнерін тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетеді. Чемпионат жайлы алдын ала шолуды мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети