Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды ©ca.style.yahoo.com

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 15 қаңтарда өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 15 қаңтарда өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ESPN журналисі Бретта Окамотоның мәліметінше, 27 жастағы Рахмоновтың қарсыласы 32 жастағы америкалық Джефф Нил (15-4) болады.

"Дереккөздер ақпаратына сүйенсек, Джефф Нил мен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек 15 қаңтарға ауызша келісілген. Рейтингтің алтыншы және оныншы нөмірі жартылай орта салмақта үш раундтық жекпе-жек өткізеді", - деп жазды Окамото Twitter-парақшасында.

Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниді жеңген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети