Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін мәлімдеме жасады Фото: Twitter/@btsportufc

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (14-0) бразилиялық Мишель Празереспен (26-3) өткен кездесуіне байланысты пікір білдірд, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (14-0) бразилиялық Мишель Празереспен (26-3) өткен кездесуіне байланысты пікір білдірд, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 30 турнирінде өтті. Негізі айқас үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раунда қазақстандық спортшы қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді. 

"Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Қазақстанның туын мұндай аренада көтергеніме қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Келесі қарсылас дейсіз бе? Осы кездесуден кейін рейтингте жақсы орында болатынымды білемін. Мүмкін үздік 15 спортшының қатарына да қосылатын шығармын. Үйге барып командаммен, бапкерлеріммен ақылдасу керек. Шынымды айтайын, Қазақстанды қатты сағындым. Отбасымды сағындым! Октоганға тезірек қайта оралуға тырысамын", - деді Рахмонов. 

Айта кетейік, бұл Рахмоновтің аралас жекпе-жектегі 14-нші кездесуіндегі 14-жеңіс. Ал UFC ұйымында ол екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети