24 желтоқсан 2021 13:29

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы допинг қолданған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жектің бразилиялық шебері, 40 жастағы UFC ардагері Мишел Празерес допингті анықтайтын тесттен өте алмады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Аралас жекпе-жектің бразилиялық шебері, 40 жастағы UFC ардагері Мишел Празерес допингті анықтайтын тесттен өте алмады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сараптама қорытындысы оның қанында кломифен, оксандролон мен экзоген бар екенін көрсеткен. USADA спортшыны төрт жылға шеттетті. 

Празерес - қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кейінгі қарсыласы. "Номад" бразилиялық "Тракторды" 21 жылдық кәсіби карьерасында екінші раундта бірінші рет мерзімінен бұрын жеңген еді.

Рахмоновтан жеңілгеннен кейін аралас жекпе-жек ардагері күрескен жоқ, кейінгі айда UFC-ден келісімшартты бұзуды өтінді. Осыған орай Празерес спорттағы карьерасын толық аяқтауға шешім қабылдаған болуы мүмкін деген пікір айтылды. Бірақ USADA (америкалық допингке қарсы агенттік. - Ескерт.) спортшының барлық анализін мұқият зерттеп, алты айдан кейін оның қанында тыйым салынған нәрселер бар екенін анықтады. Енді оған тағы төрт жыл дисквалификация берілді.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ММА жанкүйерлері Twitter желісінде Празерес допинг қолданғаны туралы жаңалықтан кейін әртүрлі пікір жазды.

Adam Bryne: "ММА-да оларды жеңсең де, алаяқтармен күресу қиын. Оның UFC-дегі 14 қарсыласының екеуі ғана промоушенмен келісім жасаған. Допингті нақты қолданған кезде қатаң жазалар болуы керек".

AWUREDO: "Допинг қолданса да, Рахмонов оны жеңді".

Zack: "Шавкат сондай мықты".

Buffalo Phil: "Ол карьерасын аяқтады. Бұл кімге маңызды?".

Johan: "Оның есімі Джон Джонс емес екені - сондай жаман".

Deez: "Осы үшін ол UFC-ден босатуын сұрады".

Осындай пікірлерді MMA Junkie, Marc Raimondi және MMAFightning.com секілді твиттердегі парақшалардан көруге болады.

Mmafighting-ке берген сұхбатында Празерес карьерасын аяқтау туралы шешімін өзгерткенін және қазір USADA және басқа допингке қарсы агенттіктермен жұмыс істемейтін жерде күрескісі келетінін айтты.

Мишель желтоқсанда Клей Гуидамен күресу керек еді, бірақ кейін оның тыйым салынған заттарға тест сынамасы оң нәтиже көрсетті. Осыдан кейін Празерес UFC келісімшартын бұзғысы келді.

Празерстің әйелі екеуі балалы болуда қиындықтарға тап болғаны, сондықтан Празерес осы бағытта дәрі-дәрмектерді қолданғаны белгілі болды. 2018 жылы файтердің әйелі түсік тастаған, ал өткен жылы ерлі-зайыпты ұлды болды. Қазір Мишельдің әйелі жүктіліктің үшінші айында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Michel "The Tractor" Prazeres (@micheltrator1)

"Бұл - стероид емес, дәрі-дәрмек. Олар менімен, әйеліммен және дәрігеріммен сұхбаттасып, барлық тексерілген қағаздарды қарады" - деп ашуланды Празерес.

Сондай-ақ, спортшының анализінде стероидты анаболиктерге жататын оксандролон табылды. Мишель оларды бұрын тұтынғанын мойындады, бірақ бұл тоғыз жыл бұрын болған.

"UFC-де ақша таптым, бірақ жаным тыныштықты қалайды. USADA және UFC үшін балалы болмауым керек пе? Отбасым - бірінші орында. ММА аяқталады, бірақ отбасы - мәңгі", - деді ол.

Сондай-ақ, Празерес ақпаннан бастап өнер көрсететінін айтты. Ол өзі туған Бразилияда еш қиындықсыз күресетінін, өйткені жергілікті допингке қарсы агенттіктермен арада ынтымақтастық жоқ екенін мәлімдеді.

2020 жылдың басында тәжірибелі бразилиялық файтер тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін шеттетілген еді.

Еске салайық, Рахмоновтың өзі келесі жекпе-жегін 2022 жылдың ақпанында Гайана өкілі Карлсон Харриске (17-4) қарсы өткізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat “NOMAD”Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети