Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Sports True бағдарламасына берген сұхбатында спорттан шеттелген соң жарысқа қалай қайтып келгені, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы және басқа да оқиғалар жайында айтып берді.
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Sports True бағдарламасына берген сұхбатында спорттан шеттелген соң жарысқа қалай қайтып келгені, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы және басқа да оқиғалар жайында айтып берді.
"Президент Қазақстан чемпионатындағы жеңісімді жайлы естіп, мен үшін қуанғанына сенімдімін. Оған қоңырау шалуға мүмкіндігім жоқ - жеңіске жеткен сайын қоңырау шалады. Оның маған қатынасы қарапайым. Біз жиі кездесеміз. Менің рухани әкемдей. Соңғы рет ол хәлімді сұраған. Бәрі жақсы деген едім. Дау-дамайдан кейін де маған қолдау білдірген. Ол үшін чемпион болып қалатынымды айтқан, мен үшін үлкен демеу болды", - дейді Ильин.
Сонымен қатар, Илья Ильин бір кездері ішімдікке салынып кеткені жайлы айтады.
"Көп іштім. Қасымда үнемі ішімдік болатын. Шөлмек түбінен жеңілдік таптым демеймін. Өмірге кедергі еді. Ішімдікке салынғаным ата-анама жайсыз тиді. Менен наградалар қайтарылатыны туралы жаңалық шыққанда... Өлгім келді. Қонақүйде үш күн жатып іштім. Былтыр жыл басында Израильге бардым, сол жерде өзіме келдім", - дейді ол.
Тілшінің допинг жайлы сұрағына, чемпионы бұл мәселені қозғамай-ақ қоюын және кейінірек бәрі де белгілі болатынын айтады.
"Допинг туралы мәселені топ-құпияларыма жатқызайын. Қазір бәрін айтып отырған жөнсіз деп есептеймін. Барлығын айта да алмаймын. Кейінірек бүге-шүгесіне дейін ашып айтармын. Үлкен спортта жасалған қуғынға менің кінәм жоқ. Мен тең дәрежеде ойнадым. Ешбір спортшы бетіме қарап, жеңіске арам жолмен жеттің деп айта алмайды. Мұны қарастырып жатырмыз. Токиодағы Олимпиадаға жете алмауым мүмкін. Бізге - жігіттер, бұрын ұсталғандар бармайсыңдар деп айтуы мүмкін. Сол кезде мемлекет мені қолдайды деген үміттемін. Жалпы айтқанда жазамды өтегенмін. Токиоға келтірмесе, бұл ашық түрде құтылу", - дейді Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы.
Еске салайық, 10 маусымда Ильиннің 2008 және 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша екі жылдық шеттелуі аяқталған болатын. Допинг дауына байланысты ол Олимпиаданың екі алтынынан айырылды.
Биыл кыркүйекте Ильин спортқа қайтып оралды, спортшы 102 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатын жеңді.