26 ақпан 2014 | 13:14

Шорттрекші жігіттеріміз неге шаршап қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет sport-express.ru сайтынан Сурет sport-express.ru сайтынан

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларына арман болған жүлдеге шорттрекші жігіттеріміздің қол жеткізетін мүмкіндіктері мол болды. Бірақ олар эстафеталық жарыста қола жүлдені уыстарынан шығарып алды. Шорт-трек спортындағы эстафетада Қазақстан құрамасының асығы алшысынан түсті. Жаратушы күш біздің спортшыларды ең бірінші жартылай финалда "демеп-жебеп" жіберді. Осы спорт түрінің майталмандары Корея және АҚШ спортшылары құлап қалып, біздің жігіттер екінші орынға ие болды. Әрі уақыттары да біршама жоғары болды – 6:47,152. Финалда тағдыр тағы да біздің шорттрекшілерді "сүйемелдеп" жібергендей болды. Қытай және Нидерланды спортшылары тайып құлап, біздің жігіттер ұзақ уақыт бойы үшінші орында ойқастады. Бірақ эстафеталық бәйгенің соңына қарай Қазақстан құрамасы жігіттерін Қытай да, Нидерланды да қуып жетті. Тіпті басып озып кетті. Қолда тұрған қола жүлдеден айырылып қалған жігіттеріміздің уақыты – 6:54,630. Ал үшінші орынға ие болған Қытай құрамасының уақыты 6:48,341 болды. Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, егер біздің жігіттер жартылай финалдағы көрсеткіштерін (уақыттарын) қайталағанда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесі біздің елдің қоржынына түсер еді... Осыдан кейін қалайша "қолда тұрған қола еді" деп айтпасқа?! Осыны көріп тұрып, өзегіміздің өртенгенін айтып жеткізу мүмкін емес. "Бұдан артық қандай мүмкіндік керек, енді" деп аһ ұрдық... "Біздің жігіттер неге үшінші орыннан айырылып қалды, неге болдырып қалды" деген сұрақ жатсақ та, тұрсақ та ойымыздан шықпады. Сонда балалар спортындағы бір көрініс ойыма оралды... Біздің жас спортшыларға бапкері "мына стадионды 10 рет айналып жүгіріп шығыңдар" десе, сол балалардың көбісі 8-9 рет қана айналып шығады да, "10 рет айнадық" дейді. Бапкер біткеннің түгелі олардың бәрін санап тұрсын ба? Тек араларында "шын айтасың ба, алдап тұрған жоқсың ба, мені алдағаның, өзіңді алдағаның, кейін алдыңнан шығады" дейтіндері бар. Мұндай көріністі көріп те жүрміз, естіп те жүрміз. Сондықтан біздің шорттрекшілер болдырып қалып, оларды Қытай мен Нидерланды спортшылары қуып жеткенде, неге екені белгісіз, "ә-ә, жас кезінде сендер де бапкерлеріңді алдаған екенсіңдер-ау" деп ойладым... Ал алдамайтындар да бар. Тіпті "стадионды 10 рет айналып шық" десе, он емес-ау, 15 рет айналып шығатындар бар. Ондайлар – Оле Эйнар Бьерндален (биатлон, Норвегия), Виктор Ан (шорт-трек, Ресей) және т.б. Қарапайым бапкерлердің "ертең осының бәрі алдарыңнан шығады" дегендері осылай Олимпиада ойындарында шығып жатыр. Жаттығу кезінде кімнің қалай жұмыс жасайтыны тайға таңба басқандай болып көрініп-ақ тұрған жоқ па?!

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети