©Роза Есенқұлова
Сочи Олимпиадасына ат басын бұрған қонақтарды ұйымдастырушылар жылуы, жылы суы, сымсыз ғаламторы және байланыс құралдары нашар қонақ үйлерде күтіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының Сочидегі арнайы тілшісі. Тіпті кейбір қонақүйлердің жоғарғы қабаттарында әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, бұған қарамастан ұйымдастырушылар қонақтарды төменгі қабаттарға жайғастырған. Қонақтар жоғары қабаттағы шуға наразылықтарын білдіріп жатыр екен. Оның үстіне жайғасқан бөлмелеріне әлі күнге дейін жылу бермегені қонақтарды қатты мазалауда. Жылы су да мәз емес. Бөлмелерде Wi-Fi қызметі де жоқ. Бұл да шет елден келген делегациялардың бас ауруына айналып отыр. Айта кетейік, Сочи Олимпиадасының жалпы бюджеті 50 миллиард долларды құраған. Қысқы ойындар 7 және 23 ақпан аралығында өтеді. ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты ертең "Фишт" стадионында өтеді. Қазір ол жақта ертеңгі шараға соңғы дайындықтарын пысықтауда. Олимпиада барысында Сочиге 5 миллион турист ат басын бұрады деп күтілуде.
Сочи Олимпиадасына ат басын бұрған қонақтарды ұйымдастырушылар жылуы, жылы суы, сымсыз ғаламторы және байланыс құралдары нашар қонақ үйлерде күтіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының Сочидегі арнайы тілшісі.
Тіпті кейбір қонақүйлердің жоғарғы қабаттарында әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, бұған қарамастан ұйымдастырушылар қонақтарды төменгі қабаттарға жайғастырған. Қонақтар жоғары қабаттағы шуға наразылықтарын білдіріп жатыр екен. Оның үстіне жайғасқан бөлмелеріне әлі күнге дейін жылу бермегені қонақтарды қатты мазалауда. Жылы су да мәз емес. Бөлмелерде Wi-Fi қызметі де жоқ. Бұл да шет елден келген делегациялардың бас ауруына айналып отыр.
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасының жалпы бюджеті 50 миллиард долларды құраған. Қысқы ойындар 7 және 23 ақпан аралығында өтеді. ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты ертең "Фишт" стадионында өтеді. Қазір ол жақта ертеңгі шараға соңғы дайындықтарын пысықтауда. Олимпиада барысында Сочиге 5 миллион турист ат басын бұрады деп күтілуде.