Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының ресми тізімі бекітілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алексей Полторанин. ©РИА Новости Алексей Полторанин. ©РИА Новости

Сочи Олимпиадасына Қазақстан спортшылары барлығы 58 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сочи Олимпиадасында өнер көрстететін спортшыларымыз жайлы ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлімдеді. "Серпін бар. Осыдан төрт жыл бұрын Ванкувер Олимпиадасында жерлестеріміз спорттың сегіз түрі бойынша бақтарын сынаған болатын. Осы жолы спорттың 10 түрінен медальдар жиынтығын сарапқа саламыз. Жалпы, Сочиге 50 спортшы және 40 бапкер апарамыз. Қазақстан атынан баратын ресми өкілдердің саны 102 болмақ. Алғашқы топ Сочиге кетіп қалды. Ал Олимпиада ауылында Қазақстанның көк туы 4 сәуір күні көтерілетін болады", - деді Елсияр Қанағатов. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық делегацияны Сочиге шығарып салмайтыны белгілі болды. Бірақ Елбасымыз 7 ақпан күні Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. Жалпы, Сочи Олимпиадасында Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар мыналар: Биатлон (10): Диас Кеңешев, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Александр Трифонов, Антон Пантов, Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Марина Лебедева, Алина Райкова, Дарья Усанова. Шаңғы жарысы (10): Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Роман Рогозин, Сергей Черепанов, Марк Старостин Николай Чеботько, Евгений Величко, Денис Волотка, Анастасия Слонова, Татьяна Осипова. Конькимен жүгіру (6): Денис Кузин, Александр Жигин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Федор Мезенцев, Екатерина Айдова. Шорт-трек (6): Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Аслан Даумов, Денис Никиша, Инна Симонова. Фристайл-могул (5): Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов, Павел Колмаков, Юлия Галышева, Дарья Рыбалова. Фристайл-акробатика (4): Бағлан Іңкәрбек, Сергей Берестовский, Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова. Тау шаңғысы (4): Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер, Екатерина Черепанова. Мәнерлеп сырғанау (2): Абзал Рақымғалиев, Денис Тен. Шаңғымен тұғырдан секіру (1): Алексей Пчелинцев. Сноуборд (1): Валерия Цой. Шана спорты (1): Елизавета Аксенова. Естеріңізге сала кетейік, Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы бұған дейін де жазылған. Бірақ Агенттік басшылары ол тізімді ресми емес деп мәлімдеме жасаған болатын. Ал Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro