Елена Коломина. Сурет yka.kz сайтынан
Сочи қысқы Олимпиадасына Қазақстан атынан 50 емес, 51 спортшы қатысады, деп хабарлайды еліміздің Дене шынықтыру және спорт агенттігіне сүйенген Tengrinews.kz сайты. Бұған дейін Сочиге 50 спортшымыздың баратыны жайлы жазғанбыз. Бүгін Қазақстанға тағы бір квота берілгені белгілі болды. Қосымша жолдама шаңғышымыз Елена Коломинаға бұйырды. "Бүгін таңертең Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб пәтерінен хат келді. Онда шаңғы спортынан Қазақстан ұлттық құрамасына Сочи қысқы Олимпиадасына қатысуға құқық беретін тағы бір жолдаманың бөлінгендігі жайлы жазылыпты. Александр Батяйкин бастаған шаңғы спортынан ұлттық құрамамыздың бапкерлер алқасы өзара кеңесе отырып, дүбірлі додаға Елена Коломинаны қатыстыруды ұйғарып отыр. Сөйтіп, Коломина Олимпиада ойындарына жолдама алған Қазақстанның 51-ші спортшысы атанды", - деді Vesti.kz тілшісіне сұхбат берген ҚР Дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамитов. Айта кетейік, Елена Коломина Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Жасы 33-те. Сочи Олимпиадасынан кейін де үлкен спортпен қоштаспайтыны жайлы айтып жүр.
Сочи қысқы Олимпиадасына Қазақстан атынан 50 емес, 51 спортшы қатысады, деп хабарлайды еліміздің Дене шынықтыру және спорт агенттігіне сүйенген Tengrinews.kz сайты.
Бұған дейін Сочиге 50 спортшымыздың баратыны жайлы жазғанбыз. Бүгін Қазақстанға тағы бір квота берілгені белгілі болды. Қосымша жолдама шаңғышымыз Елена Коломинаға бұйырды.
"Бүгін таңертең Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб пәтерінен хат келді. Онда шаңғы спортынан Қазақстан ұлттық құрамасына Сочи қысқы Олимпиадасына қатысуға құқық беретін тағы бір жолдаманың бөлінгендігі жайлы жазылыпты. Александр Батяйкин бастаған шаңғы спортынан ұлттық құрамамыздың бапкерлер алқасы өзара кеңесе отырып, дүбірлі додаға Елена Коломинаны қатыстыруды ұйғарып отыр. Сөйтіп, Коломина Олимпиада ойындарына жолдама алған Қазақстанның 51-ші спортшысы атанды", - деді Vesti.kz тілшісіне сұхбат берген ҚР Дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамитов.
Айта кетейік, Елена Коломина Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Жасы 33-те. Сочи Олимпиадасынан кейін де үлкен спортпен қоштаспайтыны жайлы айтып жүр.