Сочиде кун суытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочиде кун суытты Сурет sochimediacenter.ru сайтынан

Сочиде күн аздап суытты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жартысында күн жылы болды. Тіпті жарыс жолына шыққан биатлоншы қыздардың бас киімсіз, жеңі шолақ жейдемен бәйгеге түскендерін де көрдік. Ал қазір ауа-райы сәл суытты. Күн бұлттанып, ауаның температурасы төмендеді. Дәл қазір күндіз қаланың ішінде +10ºС жылы, ал тауда –1ºС суық болып тұр. Тауда – тұман, қала ішінде күн бұлттанып, жаңбыр жауайын деп тұрғандай. Шетелдік әріптестеріміздің біразы "келгелі бірінші рет үстімізге күртке киіп тұрмыз" деп әзілдеп те жүр. Шыны керек, күннің суытқанына қуанбасақ, өкінбейміз. Өйткені шаңғы жарысынан Қазақстан саңлақтарын алда жауапты сындар тосып тұр. Біздің жігіттер жұмсақ қарда жүгіре алмайтындай. Ендеше, күннің суыта бастағанын жақсылыққа жоримыз. Рас, бізбен бірге Сочиге келген отандастарымыздың көбісі "бұл қалай, қысқы Олимпиада ойындары жылы жерде өте ме" деп таңдануда. Қысқы Олимпиада деген соң, оның атына қарап, осылай ойлайтындар бар сияқты. Естеріңізге сала кетейік, биатлоншылар бәйгелері 18 градустан төмен (–18ºС), шаңғымен жарысушылар жарыстары 21 градустан төмен (–21ºС) суықта өтпеуі керек. Бұл – халықаралық талап. 30 градус суықта шаңғышылар 50 шақырымдық қашықтыққа жарысса, ертеңінде бірде-біреуі орындарынан тұра алмай қалмай ма? Тамақтарына суық тиіп, төсек тартып жатып қалады ғой... Сондықтан қысқы Олимпиада ойындары климаты жанға жайлы, ауа-райы жылы қалалрда өтеді. Тіпті негізінен курортты қалаларда өтеді десек те болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети