Софья Берульцева Азия чемпионатында ұлттық құрамаға алтын медаль сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Софья Берульцева Азия чемпионатында ұлттық құрамаға алтын медаль сыйлады Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

21 шілдеде Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Оның ішінде қазақстандық 19 спортшы бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (68 келіден жоғары) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды.

Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 келі), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды.

Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети