18 тамыз 2020 12:33

"Сол түні ұйықтамадым". Спортшы Алматыда балаларды өрттен қалай құтқарғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/alexandr_tsoy Фото: instagram/alexandr_tsoy

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Дәурен Рымқұлов өрттен алты адамды аман алып қалды. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатта ол өзін қаһарман санамайтынын айтты.


Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Дәурен Рымқұлов өрттен алты адамды аман алып қалды. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатта ол өзін қаһарман санамайтынын айтты.

Сол күні 33 жастағы спортшы қарындасын құтқарып, кейін көрші пәтердегі балаларды өрттен алып шығу үшін қайта кеткен. Ол балалардың қай пәтерде екенін білмеген, сондықтан барлық есікті қағып, оларды тауып алған. Спортшы бес баланың өмірін сақтап қалды. Сол сәтте өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем де жеткен. 

"Оқиғадан соң түні бойы ұйықтамадым, себебі бойымда адреналин болды. Өзімді жайсыз сезіндім, өйткені түтін көп жұттым. Өзімді қаһарман сезінбеймін, істеуім керек нәрсені істедім. Шынымды айтсам, менің бірінші мақсатым қарындасымды құтқару болды. Кейін ол жақта басқа да балалар бар екенін білген де, орнымда тұра алмай, көмекке жүгірдім. Өзім де әкемін ғой", - деді Рымқұлов.

Өрт бір сағаттан кейін ауыздықталды, ешкім зардап шеккен жоқ. "Жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер жылдам келді. Бірақ бұл уақытқа дейін бәрі пәтерден шығарылды. Құтқарушылар басқа да пәтерлерді тексерді, қуанышымызға орай, онда ешкім болған жоқ. (...) Сол уақытта "Қазақфильм" де өртеніп жатты. Кейін көбі сол жаққа кетті", - деді Дәурен Рымқұлов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети