Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін құттықтап, оларға ақшалай сыйлық берді. Еске сала кетейік, Азиада осы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен болатын.

"Біз мына залда сіздердің Солтүстік Қазақстан спортының туын көкке көтергендеріңіз үшін әрі спортшыларымызға алғыс айту үшін жиналып отырмыз", - деді Ерік Сұлтанов, Азиядадағы спортшылардың жетістіктері туралы айта отырып.
Азия ойындарында Қазақстан құрамасында алты солтүстікқазақстандық спортшы болды. Желаяқ Маргарита Мұқашева мен велосипедші Алексей Луценко алтын иеленді. Спорттағы жоғары жетістігі үшін облыс басшысы оларға миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Қазақстан қоржынына қола медаль әкелген жеңілатлетші Ирина Эктоваға жартымиллион теңге берілді. Азияда ойынына қатысқан спортшылардың бапкерлері де әкімнің қолынан 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.
"Облыс спортының дамуына қолғабыс етіп келе жатқандарыңыз үшін сіздерге зор ризашылық білдіремін", - деді әкімге алғыс айтқан Маргарита Мұқашева.
Еске сала кетейік, Инчхонда өткен Азия ойындары Қазақстан құрамасы үшін табысты аяқталды. Біздің спортшылар 84 медаль иеленді. Құраманың қоржынында 28 алтын, 23 күміс және 33 қола бар.