Twitter желісінде Солтүстік Кореядан Пхенчханға Олимпиада ойындарында отандастарына жанкүйер болуға барған қыздардың әрекеті талқыланып жатыр, - деп жазады Lenta.ru.
Twitter желісінде Солтүстік Кореядан Пхенчханға Олимпиада ойындарында отандастарына жанкүйер болуға барған қыздардың әрекеті талқыланып жатыр, - деп жазады Lenta.ru.
Қолданушылар корей тілінде ән салып отырған қызыл киімдегі жанкүйерлер командасының жүйкені қоздыратынын жазып жатыр. Сөйтсек, солтүстіккореялық қыздардың қол шапалақтап бір мәнермен қимылдап, өз тілінде ән айтып отырғандарын олармен қатар отырып қалған жұрт видеоға түсіріп, желіде жариялапты.
Қыздардың бір мәнермен қолдау білдіріп отырғаны кейбір қолданушының ашуын да келтіріпті.
"Өмірімде көріп отырған ең жабайы дүние! Олимпиададағы солтүстіккореялық қолдау", - деп жазады қолданушылардың бірі.
Солтүстіккореялықтардың бұл әрекеті тіпті жарыс кезіндегі үзілісте орындалатын ән кезінде де тоқтамайды екен. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеолар бір сәтте вирусқа айналып, тез тарап кеткен.
Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиадаға Солтүстік Кореядан 10 спортшы қатысып жатыр. Ашылу салтанатында КХДР мен Оңтүстік Корея спортшылары бір тудың астында шыққан.
When you sit next to #NorthKorea’s cheering squad at speedskating.#PyeongChang2018 #olympics @NBCOlympics pic.twitter.com/e3TRP7NYiL
— Carl Quintanilla (@carlquintanilla) 10 февраля 2018 г.
Collaboration with @BTS_twt ? North Korean cheering squad shows off Korean ballet moves while BTS' mega hit song Blood, Sweat & Tears is playing pic.twitter.com/TLveHdCQuC
— Sohee Kim (@soheefication) 10 февраля 2018 г.