Соңғы 10 қарсыласым химия қолданды! Мен бұдан шаршадым - Қуат Хамитов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы 10 қарсыласым химия қолданды! Мен бұдан шаршадым - Қуат Хамитов YouTube

Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген Қуат Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында Fight Nights промоутерлік компаниясының президенті Камиль Гаджиевке ұсыныс тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген Қуат Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында Fight Nights промоутерлік компаниясының президенті Камиль Гаджиевке ұсыныс тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті Камиль Гаджиев және FIGHT NIGHTS GLOBAL, бұл жекпе-жекті осы жылдың соңында менің елімнің мерекесі күні - 16 желтоқсанда Мәскеуде өткізейік. Осыны тең жағдайда өткізейік, мен химияға отырған спортшылардан шаршадым. Допинг сынамасын тексерейік, тест алайық. Менің соңғы он қарсыласым да химияда отырды. Мен олардан шаршадым... Шаршы алаңға таза шыққан бірде-бір спортшы маған 3 раундтан артық тұра алмайды! Біреуі қарсы тұра алмайды! Сіздер осыны жасауларыңыз керек @fightnights #ЯхочуТолькоБольшиеБои", - деп жазды Хамитов.

Айта кетейік, өз постында Хамитов 30 жастағы бразилиялық спортшының суретін салған, ол орта жеңіл салмақтағы Диего Брандао. 2014 жылы бразилиляқ UFC жұлдызы Конор МакГрегорға қарсы шығып, мерзімінен бұрыфн жеңіліп қалған болатын. 2017 жылы Fight Nights Global екі кездесуде Брандао жеңіске жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети