Шорт-трекшілер Универсиада-2017 ойындарында екінші медальға қол жеткізді

© zimbio.com

?аза?станды? шорт-трекшілер ?аза?стан ?оржынына Универсиаданы? ?ола ж?лдесін салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық шорт-трекшілер Қазақстан қоржынына Универсиаданың қола жүлдесін салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

500 метрлік сайыстың ақтық финалына екі бірдей отандасымыз Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шыққан еді.

Бұл сайысқа қатысушылар бәсекені сөреден екі мәрте бастауға тура келді. Себебі, Ажғалиев бірінші мүмкіндігінде фальстарт жасады.

Реклама
Реклама

Жарысты екінші рет қайта бастаған Әжіғалиев мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде алса, Денис Никиша болса жарыстың басында құлап, сайыстан тыс қалды.

Бұл Қазақстан үшін 28-ші қысқы Универсиада ойындарында алып отырған 26 жүлдеміз. Қазір біздің қоржынымызда 10 алты, 5 күміс 11 қола жүлде бар.

Еске салайық, Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында шорт-трек жарысында қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев қола медаль жеңіп алған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама