05 ақпан 2017 16:40

Қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев Универсиада қола медалін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында шорт-трек жарысында қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында шорт-трек жарысында қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

1500 метр қашықтықта қазақстандық спортшы тек екі оңтүстік кореялық спортшылардан қалып қойды.

Осы спорт түрінен әйелдер жарысында қазақстандық Йонг А Ким төртінші орынды қанағат тұтты. Бірінші және екінші орынды оңтүстік кореялық қыздар алса, үшінші орынды жапониялық спортшы қыз алды. 

Қазақстан құрамасы үшін бұл 23-ші медаль. Қазақстандық құрама жалпы есепте екінші орында келеді. Толық тізімді мына жерден көре аласыз. 

Еске салайық, бүгін 28-ші қысқы Универсиада жарыстары барысында Қазақстан құрамасының биатлоншылары (Галина Вишневская, Дәрия Усанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов) күміс медальді жеңіп алды. Бірінші орында Ресей құрамасы (1:14:37,8), екінші орында Қазақстан құрамасы (+30,6), ал үшінші орында украиналықтар (2:32,6) қола медальді қанжығасына басты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети