"Астана" президенттік клубына кіретін Astana Arlans бокс командасы экс-боксшылары мен бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қаржы талаптарын бұзған жоқ. Мұндай шешімді елорданың Есіл аудандық соты шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" президенттік клубына кіретін Astana Arlans бокс командасы экс-боксшылары мен бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қаржы талаптарын бұзған жоқ. Мұндай шешімді елорданың Есіл аудандық соты шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған дейін БАҚ-тарда құрамында Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) чемпиондары бар 24 боксшының Astana Arlans клубын сотқа бергені жайлы мәлімет тараған еді. Боксшылар WSB бесінші маусымындағы жеңісі үшін AIBA Astana Arlans шотына 400 мың доллар аударғандықтан, алайда боксшылар мен бапкерлерге бұл қаражаттың берілмегені айтылған еді. Осыдан кейін спортшылар сотқа арыз түсірген.
Арыз берген 24 адам: Ерік Әлжанов, Самат Бәшенов, Бейбіт Есжанов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, Мұхамеджан Еркін, Қайрат Ералиев, Мирас Жақыпов, Нұрдаулет Жарманов, Ержан Мұсафиров, Зәкір Сафиуллин және Мейірболат Тойытов.
Үш сот отырысы өткеннен кейін барлық шағым мен талап негізсіз және расталмаған деген шешім шығарылып отыр.
"Біз әрекетіміздің заңдылығын дәлелдейтін барлық құжатты тапсырдық. Нақтырақ айтқанда, сыйақылар мен өзге де ынталандыру төлемдеріне қатысты нақты тәртіп түсіндірілген құжатты өткіздік. Маусымдағы жеңіс үшін сыйақы қорынан сыйақы төлеу қарастырылмаған. Бұл мәселеде клуб заңмен бекітілген ереже бойынша жұмыс істеді. Осыған байланысты сот біздің тарапымыздан ережебұзушылық анықтаған жоқ. Барлық әрекет заңды әрі шағымданушылардың айыптаулары дәлелденбеді", - деп пікір білдірді клубтың баспасөз қызметіндегілер.
Ал 24 қаңтарда "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубының атқарушы директоры Аманбек Құлшықов бұл жағдайды түсіндіріп берген болатын.
"Арыздың түскені рас. Бірақ, ол енді 25 ақпанда қаралады. Шағымның себебі туралы көпшілік қате пікріде. 2015 жылы WSB тарапынан ақша аударылғаны шындық. Бірақ ақша боксшылар мен бапкерлердің сыйақысына берілген жоқ. Бір мысал, былтыр "Астана" футбол клубы Еуропада жақсы ойнап, УЕФА-дан тәп-тәуір сыйақы алды. Алайда сыйақы футболшыларға берілген жоқ. Футболшылар тек келісімшарт бойынша сыйақы алды. Ал, "Астана Арландары" боксшылары және бапкерлерімен ондай келісімшарт жоқ. WSB ұйымының ешбір құжатында да сыйақы боксшыларға берілу керек деген бөлім жоқ. Былтыр команда қаржылық қиындыққа тап болды. Сол уақытта сыйақыны пайдаландық. Боксшылар мен бапкерлердің айлықтарын толық бердік. Қазір олардың алдында біздің қарызымыз жоқ" , - деген еді "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубының атқарушы директоры Аманбек Құлшықов.