Спорт саласында бірнеше шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорт саласында бірнеше шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Спорт саласында бірнеше шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорт саласында бірнеше шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата биыл жазда спорт саласында тексеріс өткізген. Нәтижесінде елдің спорттағы жетістіктеріне әсер ететін заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілген.

"Талдау нәтижесінде республика мектептерінде 32 мыңнан аса дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыс істейтіні, алайда олардың әлеуеті болашағы бар оқушыларды іріктеп, мамандандырылған оқу орындары мен ұйымдарда әрі қарай спорттық даярлықтан өткізу ісінде толық пайдаланылмай отырғаны анықталды. Нәтижесінде туризм және спорт министрінің м.а. шешімі бойынша мектептерде қабілеті бар балалардан жинақталатын мамандандырылған спорт сыныптары ашылады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, бюджет және өзге де заңнаманы бұзғаны үшін мына ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылған:

  • ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
  • "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК;
  • "Республикалық спорт колледжі" РМҚК;
  • "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ;
  • "Алматы" олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК;
  • "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети