17 шілде 2019 | 19:13

Спортпен өмір сүр. "Қайрат" бапкері футзалдың ерекшелігі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Vesti.kz спорт порталы "Живи спортом" жобасын бастаған болатын. Жобаның жаңа шығарылымы футзалға арналмақ. Спорттың бұл түрі футболдың інісі саналады, бірақ футзал жеке спорт ретінде танымал болып үлгерді.


Иконка комментария блок соц сети

Vesti.kz спорт порталы "Живи спортом" жобасын бастаған болатын. Жобаның жаңа шығарылымы футзалға арналмақ. Спорттың бұл түрі футболдың інісі саналады, бірақ футзал жеке спорт ретінде танымал болып үлгерді.

Қазақстанда "Қайрат" футзал клубы біраз жылдан бері дамып, еуропалық грандқа айналып үлгерді. Футбол мен футзалдың айырмашылығы, қаржылық жағдайы мен жаттығу процесі жайлы "Қайрат" АФК академиясының бас жаттықтырушысы Семен Палагутин айтып берді.

Бірінші кезекте спорттың мансаптық рөлі мен футзалдың қандай ерекшеліктері бар?

Футзал футболдан туған спорт, бірақ бұл барынша демократияшыл балама саналады. Футзалға ұқсас спорт ХХ ғасырдың 20-жылдары Бразилияда пайда болды деген деректер бар. 60-жылдары бұл спорттың нақты ережелері бекітілді. Футзалдың футболдан айырмашылығы, ойыншы доппен болғанда да, допсыз жүгіргенде де қарсыласымен үздіксіз байланыс орнатуы тиіс. Футзалда ойыншы аз, сәйкесінше таңдау да аз болады. Сондықтан футзал ойыншыларының ойлау жылдамдығы жоғары болады, ұзақ ойлануға мүмкіндік жоқ, спортшы миында екі-үш шешім жоспарланып тұрады, ол жылдам әрі дұрыс қимылдап, шешім қабылдауы қажет.

Футзал 40 минут және 40 мәселеден тұрады. Әрдайым қарсыласпен қарым-қатынаста болып, барлығын көз алдыңда ұстауың керек. Футболда алаң үлкен, қарсылас сенен 4-5 метр қашықта жүреді, ал футзалда бәрі итерісіп, әр метрге таласады.

Техника жайлы айтар болсақ, футзалдағы ойыншылар әлдеқайда техникасы мықты деген жаңсақ пікір, бірақ жылдам ойлау қабілеті мен қарсыласпен тығыз байланыс орнату – футзалшылардың футболшылардан басты айырмашылығы. Футзал мен футбол техникалары әртүрлі, оған алаң, доптың секіруі әсер етеді. Футзалдан үлкен футболға ауысуға болады, бірақ футзалға футбол ойыншысының келуі сирек. Ол үшін жарты жыл бейімделу керек, егер, әрине, техникасы мықты болса. Ал егер ойыншының басымдығы “физика” болса, ол футзалда ойнай алмайды.

Қазақстандағы футзалдың даму динамикасы қандай?

Әлемдегі біршама балалар академиясы футзалға көп көңіл бөледі. Балалар футболы доппен көп жұмысты қажет етеді. Футзалда допқа футболдан гөрі көбірек жанасады. Қазақстандағы футзалдың басты проблемасы - зал, залды жалға алу жасанды алаңнан гөрі үш есе қымбат тұрады. Егер мемлекет пен жеке мешік компаниялар инвестиция салса оңайырақ болар еді, балалар клубына қазір қиын, олардың залды жалға алуға шамасы жетпей жатады.

Одан қалды бізде суық мезгіл ұзақ болады, 12 жасқа дейін бала жайлы температурада жаттығуы тиіс.

Қазір клубтар мен футзал федерациясы үш жас категориясында чемпионат ұйымдастырып жатыр, олар түрлі қалада өтеді. Бірақ мойындау керек, балалар футзалы энтузиастар арқасында дамып жатыр, өкінішке орай, бұл спортта үлкен ресурстар жоқ.

Испаниялық разилиялық мектептері бағдарламаларына футболдан гөрі футзалдың дайындау әдістемелерін қосып жатыр. Мысалы Неймар мен Рауль 14-15 жасына дейін футзалда ойнаған. Мұндай мысал өте көп. "Қайрат" АФК-дан шыққан, қазір "Кайрат" футбол академиясында жетекші футболшы болып жүргендер бар.

12 жастан кейін балалар футболға кетіп жатады, бұл объектив процесс және бұл бізге ұнамайды. Бірақ мұнда тұрған ештеңе жоқ, оған футболдың футзалдан гөрі танымал болуы әсер етеді.

Футзалдың ағзаға әсер қандай?

Футзал жылдамдық пен күшті дамытады, одан кейін барып спортшының шыдамы жетіледі. Жылдамдық пен күш туғаннан сақталады, оларды жоғалтып алу қиын, ал спортшының шыдамдылығы жылдар өте кете бастайды. Футзалда техника үлкен рөл атқарады, сондықтан 50 жаста да техникасы мықты ойыншы болуға болады. Мысалы Вахид Юнусович Масудов бізбен бірге ойнап, кейде жастарды қапы қалдырып жататын. Сондықтан да мен футзалды өте демократияшыл спорт деп атаймын.

Футзалда жарақат қаупі қандай?

Жарақат бар, әрине. Қарсыласпен соқтығысу көп, құлап та жарақат алып қалу жиі кездеседі, көбіне мұрын, қол, аяқ сынады. Бірақ менің ойымша, жарақаттың 90%-і жаттығудың дұрыс болмауынан. Мысалы, демалыстан кейін ойыншылар бірден жылдамдық пен күш-қуатты талап ететін жаттығулар жасайды. Осының салдарынан аяққа қатты қысым түсіп, жарақат алып қалуы мүмкін. Сондай-ақ жаттығу залынан кейін бұлшық ет ауырып тұрғанда оның үстінен тағы жаттығу беруі мүмкін. Егер бапкер, дәрігер білікті болса, жоспар мен қадағалау жақсы болса - мұндай жарқаттар болмайды.

Футзалмен кімдер айналыса алмайды?

- Көп қозғалуды қажет ететін спорт түрлері секілді футзалда да жылдамдық өте жоғары. Сәйкесінше, жүрегі ауыратындар үшін футзалға жол жабық.

Елімізде футзалға баулитын неше клуб не секциялар бар?

Алматыдан бөлек біздің академиямыздың Рудный, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды және Екібастұз секілді қалаларда аймақтық мектептері бар. Бұл қалаларды еліміздің басты футзал орталықтары деп айтуға болады. Бұдан бөлек әуесқой футзал секциялары, лигалары бар. Оны да ұмытуға болмайды. Атап айтқанда, Алматыда МФЛ және БФЛ секілді әуесқой лигалар бар. Олардың әр қайсысында 20 командадан тұратын үш лигасы бар. Осыған қарап елімізде футзал мен мини-футбол үлкен футболға қарағанда анағұрлым танымал деп айта аламын. 

Футзалмен айналысу үшін не қажет? Қандай киім-кешек керек? 

Бұл жағынан футболдан аса бір айырмашылығы жоқ. Тек аяқ киімі өзгеше. Дегенмен аулада доп тебетін кез келген балада футзалға арналған аяқ киімі бар екеніне сенімдімін. Қақпашылар болса арнайы тізе және бел қорғанысы болады.

Спорттың бұл түрі қанша қаражатты талап етеді? Мысалы, еліміздегі академияларындағы бір балаға орташа есеппен қанша ақша кетеді?

Былай атайын, клуб ата-аналарға қарағанда балаға көп қаржы жұмсайды. Тіпті, ұзақ уақыт жаттығулар тегін болатын. Бірақ жаттығу тегін болғанда бала да, ата-ана да басқаша қарайды. Ал адамдар ақша төлегенде балаларының жаттығуына қызығушылық танытып, олардың дамуына ерекше мән береді. Жаттығулардың ақылы болғанына қарамастан академия балаларға көп қаржы жұмсайды. Мысалы, "Кайрат" АФК U-13 командасының жарысқа қатысуы үшін клуб төрт миллион теңгеге жуық ақша шығындайды. Командада 15 бала болса, олардың әрқайсысы айына 15 мың теңге төлесе 150 мың ғана шығады. Оған қоса бапкердің жалақысы, залдың тазалығы мен басқа да ұсақ-түйекке кететін шығынды ұмытпау қажет.

Футзал бапкерлерінің деңгейі қалай? Арнайы бір сертификациядан өте ме? 

Иә, проблема бар. Бірақ уақыт өте бәрі жақсарып келеді. Бұған шетелден келген жаттықтырушылардың қосатын үлесі көп. Мысалы, жақында "Кайрат" АФК бас бапкері Кака жаттықтырушыларға арналған арнайы семинар өткізді. Оған қоса ойыншы мансабын аяқтаған футзалшылар біртіндеп жаттықтырушы қызметіне еліп жатыр. Мысалы "Джейран" және "Мирас" мектептерінде кезінде кәсіпқой деңгейде өнер көрсеткен футзалшылар бапкер болып жүр.

Футзалға неше жастан бастап келген абзал? 

Барынша ерте келгені жақсы. Бірақ көбі тек жаттығу жасаумен шектеліп, қателік жібереді. 3-4 жастан бастап қолына доп ұстатып, онымен дос болуға үйрету қажет. Біздің академияда балаларды 7 жастан бастап қабылдайды. Кейде 6 жасар балаларды да қабылдап жатамыз.

Жетістікке жету үшін қанша уақыт қажет?

Әр баланың жеке дарынына байланысты. Дегенмен "он мың сағат" ережесін білетін боларсыз - бұл футзалға да байланысты.

Жұмысыңыздың құрылымы жайлы айтып берсеңіз. Балаларды қалай іріктеп аласыздар, қалай дайындайсыздар? 

Жоғарыда айтқанымдай дайындықты барынша ерте бастауға тырысамыз. Сегіз жасқа дейін денсаулығы мықты балаларды таңдауға тырысамыз. Бұл жаста басқа мән беретін нәрсе жоқ. Сол үшін де баланың жылдамдығына, күш-қуаттылығына қараймыз. Ал 8 жастан асқандардың арасында іріктеу болдаы. 12 жаста балалардың ересек ойыншылар секілді ойнауына баса назар аударамыз. Әрине, бірден бұлай жасау мүмкін емес. 12 жастан балаға бірнәрсе үйрету қиын болады, өйткен бұл жастан бастап балалардың бойы тез өсіп, салмағы да өзгереді.

Еске салайық, Vesti.kz спорт порталы "Живи спортом" жобасын бастаған болатын. Негізгі мақсат – елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазатын болады. Сарапшы ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады.

"Живи спортом" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети