Қазақстан спортшылары Алматыда Олимпиада өткізуге қолдау білдірді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Спортшылардың пікірінше, 2022 жылғы Олимпиада қысқы спорт түрлерін дамытуға үлкен серпін береді,
Қазақстан спортшылары Алматыда Олимпиада өткізуге қолдау білдірді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Спортшылардың пікірінше, 2022 жылғы Олимпиада қысқы спорт түрлерін дамытуға үлкен серпін береді,
Телеарнаның мәліметінше, 2011 жылғы Азиададан кейін биатлонмен және шаңғы спортымен кәсіби түрде айналысушылардың қатары айтарлықтай көбейген. Мұндай үрдіс оқу орындарында да байқалған.
Алматыда өтетін Универсиаданың өзіне екі мұзайдын салынып, "Таупарк" және "Табаған" демалыс базаларына күрделі жөндеу жасалады. Бұдан кейін тағы көптеген спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Қазақстан спортшыларының айтуынша, 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге Алматының тапсырысы жеңіске жететін болса, қаланың инфрақұрылымы да жақсарады. Бұған дейін Алматыда Олимпиада өтетін болса, "Медеу" мұзайдынының түгелдей қайта салынатыны хабарланған еді.
"Әрине, бізге Олимпиаданың Алматыда өткені керек. Өйткені инфрақұрылым дамитын болады. Стадиондар, трассалар салынады. Балалар осында келетін спортшыларға - шетелдің үлкен кәсіпқойларына қарап спортқа ұмтылатын болады", - деді Испанияның Гранада қаласында өткен 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы Юлия Галышева. Ванкувер Олимпиадасының қола жүлдегері Елена Хрусталева жергілікті азаматтар үшін Олимпиаданың үлкен мереке болатынын айтты. "Олар бәрін көзбе-көз көретін болады. Сондай орасан шараны көріп, оның дәл өзімізде өтіп жатқанын сезіну керемет қой", - деді Хрусталева.